Жаңа облыстардың қазіргі жайы қалай?
«Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының кезекті саны еліміздің әкімшілік-аймақтық құрылымын жетілдіру мәселесіне ерекше назар аударып, бір жылда аймақтардың даму қарқыны қалай екенін байқап көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздағы жолдауында Қазақстанда үш бірдей жаңа облыс құруды ұсынды. Халық бұл шешімді жылы қабылдады. Облысты құруда түрлі қоғам мен сарапшылар арасында пікірталас болды.
Жаңадан құрылған үш облыста қандай әлеуметтік-экономикалық өзгерістер бар? Тәуелсіздік жылдары әбден тозған аймақтардың бүгінгі жағдайы қалай? Өңірлерге туған жерін көркейтуге үлес қосқысы келетін азаматтар бар ма? Үш облыстың құрылуы ел экономикасына қаншалықты тиімді болды? Арнайы репортажда осы сұрақтарға жауап берілді.
Еске сала кетейік, «Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының өткен саны Мемлекеттік басқару қызметіндегі өзгерістерге арналған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Антарктидадан пирамидаға ұқсас тау табылды
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы