Жаңа облыстарды құру бойынша бір аптада тиісті Жол картасын енгізуді тапсырамын - Смайылов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Әлихат Смайылов Үкімет отырысында айтты.
Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының құрылуы осы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңа деңгейге көтеріп, жергілікті тұрғындардың проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік береді.Осы ретте Үкіметтің алдында Мемлекет басшысының тапсырмасын нәтижелі іске асыру міндеті тұр, - деді ол.
Смайылов атағандай, бұл үшін өңірлерді қаржыландыру тәртібін қайта қарап, бюджетаралық қатынастардың оңтайлы моделін әзірлеу қажет.
Сондай-ақ өңірлер үшін мемлекеттік сатып алу тәртібін жеңілдету мәселесін пысықтау керек.Жаңа облыстарды құру бойынша жұмыстарды жедел ұйымдастыру үшін Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, бір аптада тиісті Жол картасын енгізуді тапсырамын, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы