Жаңа облыстардағы мемлекеттік кірістер органдарының кодтары бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы №159 бұйрығына енгізілген өзгерістермен жаңа облыстардағы мемлекеттік кірістер органдарының кодтары бекітілді.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Аталған өзгертулер «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03.05. №887 Жарлығын орындау мақсатында жасалды.
Осыған дейін, МКК-де жаңа облыстардың заңды тұлғаларына, жеке кәсіпкерлеріне, жеке тұлғаларына қайта тіркелуден өтудің қажеті жоқ екенін хабарлаған. Өйткені, ақпараттық жүйелерде салық төлеушілерді қайта тіркеу автоматты түрде жасалады. Сондай-ақ, бақылау-касса машиналары (БКМ) тіркелген мекен-жайлар да автоматты түрде жаңартылады.
Жаңа кодтар салық есептілігін тапсыру және салықтарды төлеу үшін қажет.
МКД, МКБ атауы | Код |
ҚР ҚМ МКК Жетісу облысы бойынша МКД | 7001 |
МКД Ақсу ауданы бойынша МКБ | 7002 |
Алакөл ауданы бойынша МКБ | 7003 |
Қаратал ауданы бойынша МКБ | 7004 |
Кербұлақ ауданы бойынша МКБ | 7005 |
Көксу ауданы бойынша МКБ | 7006 |
Панфилов ауданы бойынша МКБ | 7007 |
Сарқан ауданы бойынша МКБ | 7008 |
Ескелді ауданы бойынша МКБ | 7009 |
Талдықорған қаласы бойынша МКБ | 7010 |
Текелі қаласы бойынша МКБ | 7011 |
ҚР ҚМ МКК Абай облысы бойынша МКД | 7101 |
Абай ауданы бойынша МКБ | 7102 |
Аягөз ауданы бойынша МКБ | 7103 |
Бесқарағай ауданы бойынша МКБ | 7104 |
Бородулиха ауданы бойынша МКБ | 7105 |
Жарма ауданы бойынша МКБ | 7106 |
Курчатов қаласы бойынша МКБ | 7107 |
Үржар ауданы бойынша МКБ | 7108 |
Көкпекті ауданы бойынша МКБ | 7109 |
Ақсуат ауданы бойынша МКБ | 7110 |
Семей қаласы бойынша МКБ | 7111 |
ҚР ҚМ МКК Ұлытау облысы бойынша МКД | 7201 |
Жаңаарқа ауданы бойынша МКБ | 7202 |
Ұлытау ауданы бойынша МКБ | 7203 |
Жезқазған қаласы бойынша МКБ | 7204 |
Қаражал қаласы бойынша МКБ | 7205 |
Сәтбаев қаласы бойынша МКБ | 7206 |