Жаңа министр журналистерден бір ай уақыт сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жаңадан тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет кулуарында сұрақтарға жауап беру үшін бір ай уақыт беруді сұрады.
Журналистер өз сауалдарында : Тамара Дүйсенова демала алды ма? Өйткені кезінде Н. Назарбаев сізді осылай деп отставкаға жіберіп еді, - деп сұрады.
Өз кезегінде министр әркез жұмыс істегенін атап өтті.
Мен әрдайым жұмыс істегенмін. Маған бір айдай уақыт беріңіздер содан кейін сіздердің алдарыңызға шығып, қажетті сұрақтарыңыздың бәріне жауап беруге даярмын, - деді Тамара Дүйсенова.
Еске сала кетейік, Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Белгілі әдебиеттанушы ғалым Темірхан Тебегенов өмірден өтті
Өзгелердің жаңалығы