Жаңа министр сайлаудағы әрекетіне қатысты: Шынайы эмоция болды

Үкімет отырысынан соң Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов сайлау кезіндегі әрекетін түсіндірді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

«Әлеуметтік желіде сайлаудың қорытындысы шыққан кезде  сіздің жұртты қолпаштап қол соғыңдар дегендей» видеоңыз түсіп қалды. Осы әрекетіңізді қалай түсіндіресіз» деп сұрады журналис.

Жасыратын ештеңесі жоқ. Екі айдың көлемінде партия ғана емес, халықтың коалиция құрылды. Осы ай ішінде мыңдаған үгіт-насихат жұмысы жүргізілген еді. Іс-шара елдің бүкіл аймағында жүргізілді. Маңызды сайлауалды бағдарлама қабылданған болатын. Ауылдағы ағайынға, шалғайдағы ауылға жеткізу үшін басқаша форматта жеткізуге тырыстық. Қазақстандықтардың қолдауын көргенде өзіміз шын эмоциямен қуандық. Көзбояушылық болған жоқ, шынайы эмоция болды, - деп жауап берді Мәдниет және спорт министрі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы