13 Ақпан 2024 2024, 10:55
Фото: Үкімет
Жаңа министр бюджетті игере алмай отырған әріптестерін атады
Қаржы министрі Мәди Тәкиев республикалық бюджетті игере алмай отырған министрлерді атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қаржы министрі Мәди Тәкиев республикалық бюджетті игере алмай отырған министрлерді атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 96,9%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 97,8%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 94,5%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 1,5 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілді, - дейді ол.
Тәкиевтің мәліметінше, 33 млрд теңге игерілмей отыр, оның ішінде 13 млрд теңге үнемделген. Яғни нақты игерілмегені – 20 млрд теңге.
Ең көп игерілмеу сомасы мәдениет және ақпарат, экология және табиғи ресурстар, ішкі істер, қорғаныс министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері - 663 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілмеген конкурстар, конкурстық рәсімдер мен шарттар жасасу рәсімдерін ұзақ уақыт өткізу.