Жаңа Largus-тың өндірісі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АВТОВАЗ Тольяттиде Lada Largus-тің рестайлингтен өткен нұсқасын шығаруды ресми түрде бастады. Бірінші болып «Cross» қосымшасы бар универсалдың өндірісі басталды.

Жаңарған Largus-тың сыртқы ерекшелігі ретінде үлкен радиатор торын, өзгеше бамперін, заманауи шамдарын, Lada Vesta-дан алынған айналарын айтуға болады.

Сондай-ақ, салонда көптеген өзгерістер бар. Мұнда дизайнерлер бөлшектерді Renault және Lada каталогтарынан алған. Жаңа универсалдың алдыңғы панелі мен есік карталары Duster-ден, орындықтары XRAY-дан алынған, ал рөл мен бақылау тақтасы «Веста» моделінікіне өте ұқсас.

Автокөлік техникалық жағынан еш өзгеріске ұшыраған жоқ. Компания сатылымның басталатын күні мен бағасын кейінірек жариялауға уәде берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы