Жаңа Конституцияда 99 бап болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Конституцияға енгізілетін өзгертулер жарияланды. Онда қай бапқа қандай өзгерістер енгізілетіні анық көрсетілген.
Сонымен қатар, жаңа Конституцияда бұрынғыдай 98 емес, енді 99 бап болады. Жаңа Ата заңымыздың 99-бабы мынадай болмақ.
35. Мынадай мазмұндағы 99-баппен толықтырылсын:
«99-бап
- Конституциялық Сот және Жоғары аудиторлық палата құрылғанға дейін Конституциялық Кеңестің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағалары мен мүшелері өз өкілеттіктерін сақтайды.
Конституциялық Сот құрылғанға дейін Конституцияның 72-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген Конституциялық Соттың функцияларын Конституциялық Кеңес жүзеге асырады.
- Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары Конституцияға қайшы келмейтін бөлігінде оларды Конституциялық Сот қайта қарағанға дейін қолданылады.
- Қазақстан Республикасы Конституциясының Парламент Палаталарын қалыптастыру туралы ережелері сегізінші сайланған Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауынан бастап қолданылады.».
Жаңа Коституциялық өзгерістердің жобасын мына жерден толық оқуға болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы