Бүгiн 2026, 10:36 Фото: @BAQ.KZ архиві

Жаңа Конституция жобасы: 33-бапта білім алу құқығының кепілдіктері бекітілді

Жаңа Конституция жобасының 33-бабында азаматтардың білім алу құқығы мен білім беру жүйесінің негізгі қағидаттары айқындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа Конституция жобасының 33-бабында азаматтардың білім алу құқығы мен білім беру жүйесінің негізгі қағидаттары айқындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік оқу орындарында орта білімді ақысыз алуына кепілдік беріледі. Сонымен қатар бастауыш және негізгі орта білім міндетті болып белгіленген.

Бапта әр азаматтың заңға сәйкес жоғары оқу орындарында жоғары білім алуға құқығы бар екені көрсетілген. Ал жекеменшік оқу орындарында ақылы білім беру заңда белгіленген негіздер мен тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

Сондай-ақ мемлекет жалпыға міндетті білім беру стандарттарын белгілейтіні атап өтілген. Ел аумағындағы барлық білім беру ұйымдарының қызметі осы стандарттарға сай болуы тиіс.

Құжатта рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы білім беру және тәрбие жүйесі зайырлы сипатта болатыны нақты жазылған.