Жаңа қаулы. Бірқатар елдің вакцинация паспорты біздің елде жарамды болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Е. Қиясов Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинация паспорттарын анықтамаларын тану туралы қаулыға қол қойды.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Е. Қиясов Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинация паспорттарын анықтамаларын тану туралы қаулыға қол қойды.
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – КВИ) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілеріне сәйкес Аргентина Республикасында, Мажарстанда, Грузияда, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында және Эстония Республикасында берілген азаматтардың вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын.
2. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 қаулысының 3-тармағының күші жойылсын.
- Еуропада газ бағасы шарықтады: 2022 жылдан бергі рекорд жаңарды 19:53
- IMD World Competitiveness 2026: Қазақстан экономикалық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде ТМД елдері арасында топ жарды 19:40
- Үш күнге арналға ауа райы болжамы: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 19:32
- Қазақстан мен Өзбекстан транзитті жеңілдетуге келісті 19:00
- Жасөспірімге тағайындалған бір жылдық түрме жазасы қоғамдық жұмысқа ауыстырылды 18:36
- Президент БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунды қабылдады 18:20
- Ақтауда балалар жолақысын қымбат төлеп келген: Прокуратура араласты 18:07