Сарапшылар жаңа кәсіптер атласын әзірлеуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарапшылар экономиканың 3 саласы бойынша жаңа кәсіптердің атласын әзірлеуде.

2020 жылдың басынан бері сарапшылар мұнай-газ және көлік-логистикалық салалар бойынша жаңа кәсіптердің атласын әзірлеуге кірісті. Тау-кен металлургия кешені бойынша зерттеулер бұрын, яғни өткен жылы басталды.

Тау-кен металлургия кешені бойынша жаңа мамандықтар атласын қалыптастыру өткен жылдың мамыр айынан бастап жүргізілуде. Дон тау-кен байыту комбинатының базасында алғашқы форсайт-сессиялар шеңберінде әзірлеушілер кәсіпорынға әсер ететін 45 трендті, жоғалып бара жатқан 7 мамандықты, 13 өзгермелі және 26 жаңа мамандықты анықтады. Бүгінгі таңда қосымша зерттеулер жүргізілуде, ал ағымдағы жылдың наурыз айында атласты қолдануға беру жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында KAZENERGY қауымдастығының мүшелері мұнай-газ саласындағы жаңа кәсіптердің атласын қалыптастыру бойынша жұмысқа кірісті. Бұл салада жаңа кәсіптер мен құзыреттіліктердің даму перспективалары мен пайда болу мүмкіндіктерін олар "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ (бұдан әрі – ЕРДО) сарапшыларымен талқылады.

Біз атласты әзірлеушілермен оны қолдану мүмкіндіктерін талқыладық. Болжамдау нәтижелерін кәсіптік стандарттар мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде пайдалану жоспарланып отыр, - деп хабарлады ЕРДО Кәсіптер атласын сүйемелдеу басқармасының басшысы Ольга Киселева.

Осы жылдың ақпан айында Көлік және логистика саласындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласын дамытуды KAZLOGISTICS Қазақстанның көлік қызметкерлері одағының сарапшылары бастады.

Жақын арада тағы 6 бағыт: IT-сала, энергетикалық, машина жасау, ауыл шаруашылығы, құрылыс және туристік салалар бойынша жаңа кәсіптер мен құзыреттіліктердің атласын әзірлеу басталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы