Жаңа кандидат: Нақты ұстанымым жоқ
«Қазақстан әуесқой футболшыларының» қоғамдық бірлестігі атынан Бақыт Маратұлы Жаңабаев Президент сайлауына құжатын тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Құжат тапсыру рәсімінен кейін журналистер үміткерден «президент болуға деген ұстанымыңыз қандай?» деген сұрақ қойды.
Кандидат – 46 жаста. Спортшылар қауымының өкілі ретінде сайлауға қатысып отыр.
Әр адамның арман-мақсаты бар шығар, бірақ ондай нақты ұстанымым жоқ. Бірақ осы заманда елімізге жаңа үрдіс келіп жатқанда, жаңа дәуір келген кезде үнсіз көрермен болмай, қатысуға бел будым, – деді жаңа үміткер.
Бақыт Жаңабаев 2001 жылдан бері мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді. Қазіргі уақытта Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы