26 Қыркүйек 2026, 19:48
Фото: istockphoto.com
Жаңа Каледония жағалауында жер сілкінді
Зардап шеккендер мен материалдық шығын туралы әзірге ақпарат түскен жоқ.
Жер сілкінісі Үнді-Тынық мұхиты аймағында орналасқан Францияның Жаңа Каледония құрамына кіретін Луайоте аралдарының маңында болды. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 6,6-ға жетті.
АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Луайоте аралдарындағы Тадин ауданынан 80 шақырым солтүстік-шығыста орналасқан.
Жер сілкінісінің ошағы шамамен 10 шақырым тереңдікте болған.
Зардап шеккендер мен материалдық шығын туралы әзірге ақпарат түскен жоқ.