Жаңа кадрлық саясат жүзеге асырыла бастады – Ғибрат Ауғанов

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі Қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов баспасөз брифингінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Адам капиталы біздің негізгі құндылығымыз. Сондықтан қорға қатысты барлық саланы қамтитын мазмұнды кадрлық саясат қажет. Осыған байланысты, «Самұрық-Қазына» жаңа кадрлық саясатын жүзеге асыруға кірісті. Оның негізгі қағидаты ашықтық,-деді Ғибрат Ауғанов.

Еліміздегі ең ірі жұмыс беруші - «Самұрық Қазына» АҚ- да қазіргі таңда 250 мыңнан астам адам жұмыс атқаруда. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» АҚ-на жұмысқа орналасу тәртібі туралы сөз етті.

Биыл Самұрық-қызмет платформасы арқылы соңғы тоғыз айдың ішінде 7000-нан астам адамды жұмыспен қамтыдық. Қазіргі таңда платформаға 480-нен астам компания, 123 үміткер тіркелген. Бос орындар саны-11 мыңнан астам. Жұмысқа орналасу тәртібінде еш өзгеріс жоқ,-деді Ауғанов.

 Сондай-ақ қордың қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі директоры тәртібі шетелдік жұмыскерлер туралы да сөз етті.

«Ресей азаматтарына қатысты тыйым жоқ. Егер азаматтың жұмыс істеуге рұқсаты болса, талапқа сәйкес келсе, тек қана «Самұрық- Қазына» емес, басқа да компанияда жұмыс істей алады. HR Қазақстанның еңбек заңнамасына сай жұмыс істейді. Ресей азаматтары арасында қабілетті кандидат болса, олар бос жұмыс орнына жарияланған байқауға қатыса алады. Бүгінгі таңда компанияда 749 шетелдік азамат жұмыс істейді», - деді Ғибрат Ауғанов. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы