"Жаңа Головкиндер қайда?" Әкім Қарағанды өңіріндегі спорттың жағдайы туралы айтты

Қарағанды облысындағы спорттың дамуы жайында Орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа журналистер сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарағанды облысының спорты соңғы жылдары өте нашар деңгейге түсіп барады. Азия ойындарына бірде-бір боксшы барған жоқ. Футбол мен футзалдан жақсы нәтиже көрсеткен еді. Қазір ойыншылары әуесқой футболда ойнап жүр. «Шахтердің»  келесі жылғы бюджеті қандай болады? Футзалдан «Тұлпар» командасы жасақтала ма? Бапкерлердің жағдайы қалай болады? Бірнеше жылдан бері спорт басқармасының басшысы отыр. Не өзгерген жоқ, не нәтиже жоқ, деп журналистер сауал жолдады.

Біріншіден, спорт жағынан жұмыстар жүріп жатыр. Тиісті қаражат бөлініп жатыр. Әрине ол спорт болғаннан кейін Генадий Головкин сияқтылар мүмкін 100 жылда біреу шығатын шығар. Мысалы теннис бойынша Алан деген азаматымыз бар, жасөспірім. Бүкіл жерлерде 1-2 орын алып жүр. Бұл да жетістік. Азия барған жігіттер 1-орын алмаса да, бірақ жас жігіттер бар. Нәтиже көрсетіп жүрген, - деді облыс әкімі.

Облыс әкімі «Шахтер» клубының да мән-жайына тоқталды.

«Шахтерға» келетін болсақ, биыл 9-орында қалды. Жұмыс жүргізіліп жатыр. Онда қазір өзіміздің жергілікті, жас азаматтарымыз ойнап жатыр. Сондай мақсат қойдық. Көп легионерлер алмаймыз. Қойылған бюджеті қазіргі таңда 1 млрд 200млн теңге. Одан көп емес. Кейінгі кезде демеушілермен сөйлесеміз. Демеушілермен келісім жасасақ бюджетін көбейтеміз. Жалпы біздің мақсатамыз балаларды, резервті дайындап жатырмыз,-деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы