Жаңа фискалдық саясат: Бюджет кірісі 4 трлн теңгеге артады

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында жаңа салық-бюджет саясаты туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZтілшісі.

Жаңа фискалдық саясатта бекітілген негізгі қағидаттар, ең алдымен, өңірлік стандарттар жүйесі арқылы өңірлер арасындағы теңсіздікті төмендетуге, сондай-ақ кәсіпкерлікті, әсіресе микро және шағын бизнесті дамытудағы теңгерімсіздіктерді азайтуға бағытталған. 2026 жылдан бастап фискалдық саясат бюджеттің кіріс бөлігін шамамен қосымша 4 трлн теңгеге ұлғайтуды көздейді, – деп атап өтті вице-премьер.

Айтуынша, бұл қосымша қаржы ресурстары Президент пен Үкіметтің тапсырмасына сәйкес, бірінші кезекте, қазақстандық бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталады.

Салық базасын кеңейту қағидаты сонымен қатар бизнес субъектілерінің кірісін арттыруымен бірге жаңа фискалдық саясаттың айқындаушы элементтерінің бірі болып саналады. Үкімет сыртқы факторлар, яғни логистика, күрделі халықаралық жағдай және валюталық ауытқуларды, сондай-ақ ішкі факторлар: салықтық және тарифтік реформаларды ең алдымен шағын және орта кәсіпкерлікке қосымша жүктеме түсіретінін толық түсінеді, – деді Серік Жұманғарин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы