0

Жаңа энергетика министрі ант берді

Жаңа энергетика министрі ант берді

Үкімет отырысында бұрынғы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің орнына келген Ерлан Ақкенженов ант берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін, - деді Ақкенженов.

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған министрге сәттілік тіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: primeminister.kz
Өзгелердің жаңалығы