Жаңа бастама: Қоғамдық дәрістер

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің дәрісін тыңдау үшін Қарағанды өңірінің 7 жоғарғы оқу орнынан 600-ге жуық адам келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Олардың ішінде студенттер, магистарнттар, PhD докторлары, профессорлар және оқытушылар құрамы болды. Дәріс Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде өтті.

Бүгіннен бастап министрлік арнайы осындай қоғамдық дәрістерді бастайды. Бұл неліктен маңызды? Біріншіден, министрліктің жаңа жоспарлары, басымдылық бағыттары, жаңа бастамалар мен мүмкіндіктерді өзімнің аузымнан естулеріңізді қалаймын, - деді министр дәріс алдында.

Ол сондай-ақ министрлік биылдан бастап өңірлік университеттерге басымдық беретінін атап өтті. Өйткені Саясат Нұрбектің айтуынша, өңірлік университеттер министрлік назарынан тыс қалып жатыр.   

Министр дәрісінде жоғары білім мен ғылым саласына қандай сыртқы факторлар әсер етіп жатқанын және олар неге әкелуі мүмкін екенін айтты. Сонымен қатар, университеттің басшылығы мен ұжымының ішкі дүниетанымынан бастап, оқу бағдарламасының мазмұнына дейін өзгерістер керек екенін және оған дайын болу керегін жеткізді.  

Саясат Нұрбек өз сөзінде Мәскеу мемлекеттік университетінің ғалымдары ұжымға қосылып жатқанын да назардан тыс қалдырмады. 

Өте қуанышты жағдай. Неге десеңіз, кез келген жоғарғы оқу орнының ұжымы болсын, студенттері болсын, көп ұлттан болып, басқа өңірлерден келгені дұрыс. Басқа елден, басқа мәдениеттен келген адамдардың ұжымның ішінде болғаны өте маңызды. Басқа көзқараспен келеді, басқа пікірлер әкеледі. Яғни мәдениет көп болуы керек, - деді министр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы