26 Тамыз 2026, 21:19 Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңа бағыттар мен бірлескен түсірілімдер: Қазақстан мен Вьетнам не туралы келісті?

Қазақстан мен Вьетнам мәдениет және креативті индустриялар саласындағы жаңа бірлескен жобаларды талқылады.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Вьетнамдағы Қазақстанның мәдениет күндері аясында Вьетнам Премьер-министрінің орынбасары Фам Тхи Тхань Чамен кездесті.

Тараптар перспективалы бағыттар ретінде кинематографияны, орындаушылық өнерді, мәдени туризмді, тарихи-мәдени мұраны сақтауды, дәстүрлі қолөнер мен заманауи дизайнды атап өтті.

Бірлескен мәдени-туристік бағыттарды құруға және екі елдің шығармашылық индустрия өкілдері арасындағы байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ қазақстандық тарап өзара кино апталықтарын өткізуді, фестивальдерге белсенді түрде қатысуды және бірлескен түсірілім мен киножобаларды дамытуды ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жаңа бірлескен бастамалар бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.