Жаңа Ата заң: "Әділетті Қазақстан" идеясы құқықтық негізге айналады
Конституцияның жаңа жобасында "Әділетті Қазақстан" идеясы құқықтық негізге айналады. Бұл туралы Сенат депутаты Әлішер Сатвалдиев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен сараптамалық талқылау барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, былтыр біз екі негізгі идеологиялық құжатқа қол қойылды.
Оның ішінде, «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдама» бар. Сондай-ақ «ҚР ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Президент қаулысы бар.
Осы екі құжаттың бір құжат ретінде қайта қабылданатын алғышарттары Конституция арқылы белгіленіп отыр. Өйткені Конституцияны қабылдай отырып, біз ҚР барлық азаматының құқықтық және бір халықтың, бір этностың өкілдері ретінде қабылдауға толық мүмкіндіктеріміз бар деп ойлаймын. Негізі бұл жұмыстардың барлығы Үкіметтен бастап, жергілікті атқарушы органдарда, мекемелерде, ұжымдарда талқыланып жатыр, - деп атап өтті депутат Жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелеріне арналған сараптамалық талқылау кезінде.
Сонымен қатар сенатор Конституцияның ғылыми ортада талқыға түскенін айтты.
Адам құқықтарының мемлекеттің басты ұсыныс ретінде жарияланған жаңа Ата Заң жобасы «Әділетті Қазақстан» идеясын құқықтық тұрғыда нақтылай түсетіні белгілі. Алда жалпыхалықтық референдумда бұл жоба бүкіл халықтың талқысы мен таңдауына ұсынылады. Демек, негізгі заңды жаңарту процесі тұтас қоғамның қатысуымен ғылыми негізделген әрі көпшілікке түсінікті форматта іске асуға тиіс. Қабылданатын Конституция еліміздің ұзақмерзімді тұрақтылығы мен өркендеуіне қызмет етіп, Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін нығайта түсетініне сенімдімін, - деді Әлішер Сатвалдиев.
Сараптамалық талқылау аясында конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары, олардың институционалдық мазмұны және елдің саяси әрі қоғамдық жүйесіне ықтимал әсері кеңінен сараланды. Қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында конституциялық нормаларды жаңарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.