Жаңа «Әлеуметтік кодекс» отбасылардың әлеуетін арттыруды көздейді - Тамара Дүйсенова

 Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы туралы Президент өз Жолдауында айтты. Сол Жолдаудағы тапсырмаға сәйкес, қазір Үкімет пен Ұлттық Банк механизмдерін пысықтау үстінде. Біздің министрлік балаларға жәрдемақы беретін болғандықтан ол жұмысқа тікелей қатысады. Ұлттық қордан балаларға берілетін қаржы – олардың келешегіне кепілдендірілген алғашқы капитал. Механизмдері пысықталғаннан кейін көпшілікті толықтай хабардар етеміз, - деп атап өтті ведомство басшысы «Хабар24» арнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасына берген сұхбатында. 

Сондай-ақ министр жаңадан әзірленген «Әлеуметтік кодекс» жобасына тоқталды.

«Әлеуметтік кодекс» жобасына қатысты сұрақтар көп. Бұл кодекстен не күтеміз деген сауал барлық қазақстандықтардың көкейінде жүр. Қазіргі таңда біз «Әлеуметтік кодексті» әзірлеу жұмыстарын аяқтадық. Заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен келісу сатысында. Бұл кодекс қолданыстағы заңдардың жинағы емес. Бұл қолданыстағы 18 заңды жүйелендіріп, бір мақсатқа – қазақстандық отбасылардың әрқайсысының әл-ауқатын көтеру мәселесін алға қойған үлкен Кодекс деп айтуға болады. Кодекстің ең негізгі мәселесі – отбасы болық қалмақ, - деді Тамара Дүйсенова. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы