"Жанұя" орталығында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Елорда әкімдігі "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында кезекті шағын бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілетіндігін хабарлайды.

Қала азаматтарын әлеуметтік қолдауға бағытталған шара 5 ақпан күні сағат 10.00-13.00 аралығында жұмыс істейтін болады. 

Аталған іс-шараның мақсаты – жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту, мемлекеттік бағдарламаларды жұртшылыққа насихаттау. Шара аясында ізденушілердің жұмыс беруші ұйым өкілдерімен кездесіп, жалақы деңгейі мен үміткерлерге қойылатын талаптар туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар, - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ жәрмеңкеге келушілер алдын ала сұхбаттасудан өтіп, түйіндемесін жұмыс берушілерге қалдыра алады. Айта кетсек, алдағы уақытта шағын жәрмеңкелер апта сайын өткізілетін болады.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы