Жан Кособуцкий тоғызыншы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады
Астана, BAQ.KZ. Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жан Кособуцкий кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
30 жастағы қазақстандық Минскте өткен бокс кешінде Босния және Герцоговина өкілі Срдан Говедарицпен (6-7, 3 КО) жұдырықтасты.
Жекпе-жек алты раундқа есептелгенімен, Кособуцкий қарсыласын бірінші раундта-ақ сұлатты.
29 жастағы Говедариц карьерасында төртінші рет жекпе-жек уақытынан бұрын жеңіліп тұр. Ал қазақстандық боксшы тоғыз жекпе-жегінің сегізін нокаутпен жеңген.
Айта кетейік, 30 жастағы Жан Кособуцкий Беларусьте жетінші рет жұдырықтасты. Қазақстандық Ресей мен Украинада жекпе-жек өткізген. Мұның алдында Ұлыбританияда жұдырықтасу мүмкіндігі жайлы айтылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматы облысында монша өртенді
Өзгелердің жаңалығы