Жәмилә Бақбергенова Мажарстанда чемпион атанды

Астаналық спортшы Жәмилә Бақбергенова Мажарстан астанасы Будапештте өтіп жатқан күрес түрлерінен төртінші рейтингтік турнирде топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы мәлім етті.

Отандасымыздың (72 кг) салмағында балуандар аз болғандықтан бәрі айналмалы жүйе бойынша күресті.

Ж.Бақбергенова әуелі Италия балуанын, сосын екінші белдесуінде канадалық балуанды ұтты. Үшінші белдесуінде моңғолиялық Энхамарды 4:2 есебімен қапы қалдырды. Ал финалда алғашқы белдесуінде жеңген италиялық Далма Ганеваны 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Өзгелердің жаңалығы