Жәмила Бақбергенова күрес түрлерінен әлем чемпионатында финалға шықты

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенова финалға жолдама алды. Бұл туралы BAQ.KZ. Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Дүбірлі додада 72 келі салмақта бақ сынаған Жәмила румыниялық Александра Ангелмен шеберлік байқасты.Нәтижесінде қарсыласын 12:2 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

Ол ширек финалда өзбекстандық Светлана Окназарованы айқын басымдықпен жеңген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы