Жәмилә Бақбергенова әйелдер күресінен Азияның күміс жүлдегері атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда әйелдер арасында Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлады Оlympic.kz. 

Жарыстың соңғы күнінде қазақстандық балуан Жамиля Бақбергенова қоржынға күміс жүлдені салды. 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен ол жарыстың күміс жүлдесін моңғолиялық балуанмен сарапқа салды.

Цевегмед Енхбаяармен өткен белдесу 9:2 есебімен отандасымыздың еншісіне шешілді. Айта кетерлігі, үндістандық Дивя Какран осы салмақ дәрежесінде жарыс жеңімпазы атанды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы