Жамбылдықтар қаза болған полиция қызметкерлерін ақтық сапарға шығарып салды
Қызметтік міндетін атқару кезінде жантүршігерлік апаттан қаза тапқан полицейлер жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жамбыл облысында 32 жастағы Абылайхан Әбішкен мен 46 жастағы Ғалым Арыстанбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Әбішкеннің артында екі баласы қалды, Арыстанбаев он бір баланың әкесі еді – оның сегізін асырап алған.
Апат салдарынан алты адам қаза тапты, оның төртеуі – қарсы жолға шығып кеткен автокөліктің жолаушысы.
Қаза болған полиция қызметкерлері "Айбын" орденімен марапатталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бурабайда құтқарушылар жарақат алған әйелді эвакуациялады
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы