Жамбылдық полицейлер жасырын қару-жарақ қоймасын тапты
Жамбылдық полицейлер қару-жарақтардың жасырын орындарын тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жамбыл облысының полицейлері қаңтар айының 27-29 күндері аралығында тағы да жасырын қару-жарақ орындары анықталды.
Тараз қаласы 2-ПБ полиция қызметкерлері мен ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген іздестіру жұмыстары нәтижесінде қаладағы өртеніп кеткен ескі гараждардың бірінен қапқа оралған қарулар мен оқ-дәрілер табылды.
Аталған орыннан тіркелген және криминалды қару есебінде жоқ калибрі 16 мм бір ауызды тегіс ұңғылы ИЖ-3К аңшы мылтығы, қаңтар оқиғасы кезінде ПД ғимаратынан ұрланған калибрі 9 мм Макаров тапаншасы, дыбысты граната, калибрі 9 мм 151 дана оқ-дәрі алынды.
Сондай-ақ, Жуалы аудандық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Б.Момышұлы ауылында орналасқан ескі бос ғимарат ішінен қапшыққа салынып, жасырылған қарулар анықталды. Қапшықтан тегіс ұңғылы 16-калибрлі қос ауызды ТОЗ нөмері өшірілген шолақ мылтық және 5,45-калибрлі 15 дана оқ-дәрі табылды. Барлық қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Қазіргі уақытта аталған деректерге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 2 және 3-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз иемдену, жасау, беру, сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.