Жамбылдық полицейлер ұрланған қарудың 16 данасын тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полицейлер ұрланған қарудың 16 данасын тапты, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары күн сайын қаңтар айындағы оқиғалар кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді іздеуге  қатысты үздіксіз жұмыстар жүргізуде. 

Мысалы, өткен аптада Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен 16 дана  қару мен 300-ден астам түрлі калибрлі патрон алынды. 

Табылған қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындады. 

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады.

Анонимділік сақталады.

Егер, сізде ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпарат болса, "102"  тетігіне  хабарлауыңызды сұраймыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы