Жамбылдық полицейлер тіркелмеген атыс қаруын сақтаудың 19 дерегін анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полицейлер тіркелмеген атыс қаруын сақтаудың 19 дерегін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

1 ақпаннан бастап Жамбыл облысының аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды және биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ экологиялық  қылмыстарды ашуға бағытталған “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. 

Полиция қызметкерлері 1-7 ақпан аралығында тіркелмеген тегіс ұңғылы атыс қаруын сақтаудың 19 дерегін анықтады.

Жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде Талас ауданы Қасқабұлақ округінің шаруа қожалықтарының бірінде 33 жастағы жергілікті тұрғыннан 16 калибрлі заңсыз сақталған аңшылық мылтық табылды. 

Майтөбе ауылдық округінің 41 жастағы тұрғынынан тағы бір аңшылық қару табылды. Тұрғылықты жерін тексеру кезінде полиция қызметкерлері тіркелмеген 16 калибрлі мылтықты тапты. 

Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  482-бабы 1-бөлігі (Қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді Әшкеев. 

Жеті күн ішінде тәртіп сақшылары бір қылмысты және 66 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы