Жамбылдық полицейлер Шу ауылының тұрғынынан 38 келі есірткі тәркіледі

Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және 5513  әскери бөлімінің арнайы бөлімше әскери қызметшілері «Қарасора- 2022» жедел- іздестіру іс шарасын жүргізу барысында бірлесіп, есірткі заттарын заңсыз сақтау жолын кесті. 

Шу ауданының аумағындағы «Шу-Меркі» тас жолынан 20 шақырым жердегі құмға жақын маңдағы аймақта  Шу ауылының 50 жастағы тұрғынынан  жалпы салмағы 38 келіден асатын "каннабис өсімдігі" есірткі заты табылып, тәркіленді.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына  қамаққа алынды. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды (есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау). Бұл бап  бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге  бас бостандығынан айыру түріндегі жаза  қарастырылады, - деп хабарлады  облыстық ПД  Есірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы