Жамбылдық полицейлер арасында шағын футболдан турнир өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласындағы "Динамо" спорт кешенінде Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері арасында Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған шағын футболдан турнир өтті. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Жарысқа 20 команда қатысты: Әкімшілік полиция басқармасы, Криминалдық полиция басқармасы, Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы, УТВ, Полиция департаменті және Тараз қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальондары, сондай-ақ Жамбыл облысының ПД барлық аудандық бөліністерінің командалары.
Турнирдің мақсаты полицейлерді спорттық жарыстарға тарту, өзара ынтымақтастық, ұйымшылдық пен мүдделердің тоғысқандығы болып табылады.
Командалар төрт топқа бөлінді. Жарыс екі алаңда өтті, әр тайм 10 минутқа созылды. Финалдық ойында ПД ЖҚАЖ және Тараз қ. ПБ ППБ құрама командалары кездесті. 2-1 есебімен ПД ЖҚАЖ командасы жеңіске жетті, екінші орынды Тараз қ. ПБ ППБ қызметкерлері иеленді. Қола медальді Жамбыл облысының ПД ОЖВ командасы жеңіп алды.
Барлық командалар ерекше бәсекелестік жағдайында бақ сынасты, ал спортшылар керемет нәтижелер көрсетті.Турнир қорытындысына сәйкес, түрлі номинацияларда үздік ойыншылар марапатталды. "Үздік қақпашы" атағын полиция аға лейтенанты Төлеби Тұрсынбеков ие болса, "Үздік қорғаушы" және "Үздік шабуылшы" номинацияларын полиция аға сержанты Данияр Қуанышбеков пен полиция майоры Ардақ Тұрғымбеков иеленді.Сондай-ақ турнир қорытындысы бойынша қатардағы полицей Қымбат Қалынбаев үздік ойыншы болып танылды.
Жамбыл облысының ПД бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин жүлдегерлерге медальдар мен дипломдарды, ал чемпиондарға Полиция департаментінің ауыспалы кубогын табыс етті.