Жамбылдық полицейлер Алматы облысының тұрғынынан 3 келіге жуық марихуана тәркіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полицейлер Алматы облысының тұрғынынан 3 келіге жуық марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Шу ауданының құмды аймағында жедел ақпаратты іске асыру барысында Алматы облысының 35 жастағы тұрғыны ұсталды. Ұстау орнына жақын маңдағы аумақты тексеру кезінде жалпы салмағы 2 келі 790 гр “кептірілген марихуана” есірткі заты бар үш полиэтилен пакеті табылып, тәркіленді.

Ұсталған азамат кінәсін толық  мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

Аталған дерекке қатысты  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша, аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, – деп атап өтті Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Асқар Жұмабеков.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы