Жамбылдық полицейлер 25 ұялы телефонды ұрлаған ер адамды ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шу ауданының полиция бөліміне 29 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Ер адам ұялы байланыс салонынан 2 700 000 теңге көлеміндегі ірі ұрлық туралы хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасағаны үшін Шу қаласының 36 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жүргізген тергеу амалдары барысында күдікті дүкеннің есігін сындырып, ішіне кіріп, түрлі маркалы 25 ұялы телефонды ұрлап кеткенін анықтады. Техниканың бір бөлігі заттай дәлелдемелер түрінде алынды.
Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы