Жамбылдық 1200 азамат кәсіпкерлік негіздерін оқиды

Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл 1200 жамбылдық азаматты кәсіпкерлік дағдыға оқыту жоспарлануда. Бұл туралы Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Айдар Абдықадыров хабарлады.

«Бастау» жобасы кәсіпкерлік дағдыларға, ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарын үйретуге, сондай-ақ қатысушылардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған. Оқыту ұзақтығы 25 күн болса, бизнес жобаларды сүйемелдеу 12 айға созылады», - деді ол.

Бағдарламаның шарттары бойынша, оқытылғандардың кемінде 20 %-ы өз істерін бастауы тиіс. Кәсіпкерлік әлеуеті барлар, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар да кәсіпкерлік негіздерін оқуға қатыса алады.

Сондай-ақ, ауылдық елді мекендер мен аудан орталықтарында тұратындар да бұл бағытта білім алуға мүмкіндіктері бар.

Айдар Қайнарұлының айтуынша, аталған жоба аясында оқыған әрбір адамға 16 759 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Өңірдегі барлық аудандар жоғары білікті бизнес-жаттықтырушылармен қамтамасыз етілген.

«Биыл үш лекпен 1200 адамды оқытуды көздеп отырмыз. Оның ішінде 400-ге жуығы жастар. Бүгінде Жамбыл облысының 10 ауданында оқыту шаралары басталып кетті. 905 тыңдаушы, 309-ы жастар, курсты аяқтады. Ал оның ішінде жалпы құны 235 миллион теңге болатын 66 жоба қаржыландырылды», - деді Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы