Жамбылдық шаруалар әр гектардан 8 тонна жүгері жинады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Жамбыл ауданында егілген жүгері алқабының өнімділігі жоғары, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жергілікті әкімдіктің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маман-агрономы Амангелді Әбдібеков биыл 1 800 гектар жерге жүгері тұқымын сепкендерін айтады.
Бүгінде аудандағы егістіктің 1 530 гектары орылып, одан 8770 тонна өнім алынған.
Жоғары өнімге қол жеткізген Гродекова ауылдық округінің шаруалары 263 гектарға жүгері еккен. Табысын еселеп отырған Александр Рыбалко биыл 7 гектарға, ал «Тимофеев» шаруа қожалығы 50 гектарға жүгері дәнін сепкендеріне еш өкінбейді.
Шаруалардың алды гектарынан 8 тонна өнім алып, қамбаларына бастыруда.
Жылдық көрсеткішке қарағанда биыл дала аруынан анағұрлым көп өнім жиналып отыр. Судан еш тапшылық көрмедік. Жүгері сабақтарының бойы 2 метрге жетеді. Арасында жинап жүрген техникаларды әзер байқайсыз. Келер жылы егістік көлемін ұлғайту жоспарымызда бар, – дейді Александр Евгеньевич.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тәуелсіздік белестері
Өзгелердің жаңалығы