Жамбылдық полицейлер марихуана сатушысын ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полицейлер марихуана сатушысын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері талдау барысында Тараз қаласының аумағында «Марихуана» есірткі құралын сатқан 34 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұстады. Есірткі сатушыны ұстау кезінде тұрғылықты жерін және жеке тінту кезінде жалпы салмағы 1 келі 600 г «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.
Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, оған қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) және 297-бабы1-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырауда алдағы бесжылдықта 7 мың отбасы баспаналы болмақ
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы