Жамбылдық полицейлер қар құрсауынан 600 қой мен қойшыны құтқарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  12 қаңтарда сағат 22:30-да Талас ауданының полиция бөліміне Үшарал ауылының маңындағы жайылымнан отармен бірге 25 жастағы қойшы жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген полицейлер шопанның таңғы сағат 6.00-де қой табынын жайылымға шығарып, белгіленген уақытта қайтып оралмағанын анықтады.

Полиция қызметкерлері 6 автокөлікпен шопанды іздеуге шұғыл аттанды және жайылымнан 45 шақырым жерде оны отармен (600 қой) бірге тапты.

Қойшы кенеттен жауған қалың қар мен тұманның салдарынан адасып, мал қораға жете алмаған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы