Жамбылдық полицейлер «Anti-fraud» республикалық іс-шарасын қорытындылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полицейлер «Anti-fraud» республикалық іс-шарасын қорытындылады,  деп хабарлайды polisia.kz.

Іс-шара қорытындысы бойынша Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері интернет алаяқтықтың 34 дерегін анықтады. Оның ішінде 26 дерегі Тараз қаласының 25 жастағы тұрғынымен жасалған, ол “Instagram” әлеуметтік желісінде киім сату сылтауымен азаматтардың сеніміне кіріп, оларды алдау жолымен ақша қаражатын иемденген.

Тараз қаласының 38 жастағы тұрғынының алаяқтық әрекетінің екі дерегі тіркелді. Ол қыздармен танысып, біраз уақыттан кейін оларға ақша аудару үшін төлқұжат пен банк картасы туралы мәліметтерді сұраған. Ал шын мәнінде олардың атына микро-несие ұйымында несие рәсімдеген. 

Ал Қапшағай қаласының 1998 жылы туған тұрғыны алаяқтықтың үш дерегін жасаған. Күзгі пальто сату сылтауымен ол сатып алушылардың ақшасын алдап алған. 

Алаяқтық әрекеттер жасаған барлық азаматтар ұсталды. Барлық деректерге қатысты Жамбыл облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы