Жамбылдықтардың табысын арттыруға бағытталған пилоттық жоба нәтижесін бере бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартуға бағытталған пилоттық жоба алғашқы нәтижсін бере бастады.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жоба аясында аймақтағы пилоттық округтерде тұрғындар тиімді несиеге қол жеткізіп, қорасын малға толтыруда. Солардың бірі Жамбыл ауданындағы Бесағаш ауылдық округі. Бұл округтегі 280 отбасы несие алуға өтініш берсе, қазіргі таңда оның 52-сі тиісті қаражатқа қолы жетіп, жобаның екінші бағыты бойынша төрт түлікке қорасын толтыруда. Сондай-ақ, 72 бесағаштықтың құжаты мақұлданып, алатын қаражатын күтіп отыр.
Бесағаш ауылдық округінің әкімі Бейбіт Ниғматуллаевтың айтуынша, округте 1336 үй бар. Жобаға 1176 аула тұрғыны қатысуға ниет білдірген. Жалпы округтегі тұрғындардың 95% жобаға қатыстырылып отыр. Бірінші бағыт, үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалануға 29 млн қаржы қажет екен. Оның 23 миллион теңгесін тұқымға жұмысамақ ниетте. Тыңайтқыш пен пестицитке жұмысайтыны тағы бар.
Екінші бағыт бойынша несие алған 52 адамның 12-сі 38 млн 750 мың теңгеге мал алған.