Жамбылдықтар бір күнде 600 рет жол ережесін бұзған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 21-27 қазаны аралығында Жамбыл облысының аумағында "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оның мақсаты жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ ЖҚЕ бұзушылықтың алдын алу.
Іс-шараның бірінші күнінде ғана 642 ЖҚЕ бұзушылық анықталды, оның ішінде 94 жаяу жүргіншілердің ЖҚЕ бұзу дерегі (615-бап); 58 жүргізуші көлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланды (ҚР ӘҚБтК 591-бабы); 76 адам жылдамдықты арттырған (ҚР ӘҚБтК 592-бабы); ҚРӘҚБтК 593-бабы бойынша (қауіпсіздік белдігі бөлігінде) 80 жүргізуші жауапқа тартылды; маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 55 адам тоқтатылды (ҚР ӘҚБтК 595-бабы); 9 жүргізуші мас күйінде болған (ҚР ӘҚБтК 608-бабы), - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, айыппұл тұрағына 22 көлік қойылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы