Жамбылдық полицейлер президенттік көпсайыста жүлделі орындарға ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылдың 13-16 маусымы аралығында Орал қаласында Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің чемпионаты өтті. Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Чемпионатқа 15 облыстың полиция департаменттерінің командалары қатысты. Жарыс төрт жас санатында өтті, Тараз құрамасының сапында Жамбыл облысының Полиция департаментінің қызметкерлері болды, олар жоғарғы дайындықта тәсілдік спорттық шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Нәтижесінде 30 жасқа дейінгі жарыс түрінде полиция аға лейтенанты Мадияр Алимкешов 1-орын жеңімпазы атанды, 40 жасқа дейінгі санат бойынша полиция майоры Данияр Құлсеріков 3-орынға табан тіреді. Ал полиция майоры Денис Гузема ең үздік жүзгіш болып танылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысы Өзбекстанды сиыр етімен қамтамасыз етуде
Өзгелердің жаңалығы