Жамбылдық полицейлер интернет-алаяқты ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығында 33 жастағы азаматты құрықтады, ол «ОLX» әлеуметтік желісі арқылы «Mercedes Benz» маркалы автокөлігіне титан дискілерін сату туралы жалған жарнама орналастырып, алдау арқылы сатып алушыдан 55 000 теңге алған. Есеп «Каспи голд» картасы арқылы жүргізілген.

«Тінту барысында күдіктіден ұялы телефон мен сим-карта тәркіленді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы (ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен алаяқтық жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жамбыл облысының Полиция департаменті облыс тұрғындарына әлеуметтік желілерде жиі орын алған алаяқтық деректері туралы еске салып, ұқыпты болу қажеттілігі туралы ескертеді», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы