Жамбылдағы жер сілкінісінен кейінгі жағдай: ТЖМ жедел штабының кеңесі өтті
ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен ТЖМ Жедел штабының кеңесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ командалық орталығында Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен кейінгі іс-қимылдарды үйлестіру жөніндегі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.
ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ филиалының мамандары аса қауіпті учаскелерге тексеру жүргізді. Топырақтың ірі зақымданулары, деформациялары, жарықтары мен шөгулері анықталған жоқ.
Сондай-ақ Меркі және Т.Рысқұлов аудандарындағы республикалық маңызы бар жолдар тексерілді. 100-ден астам маман мен 40-тан астам техника жұмылдырылды.
Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен аса маңызды инфрақұрылымдар штаттық режимде жұмыс істеуде. Алаңдауға негіз жоқ.
Еске салайық, бүгін ел оңтүстігінде жер сілкінді. Сондай-ақ, жер сілкінгенде не істеу керек екені туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Қызылағаш қайталанбай ма?": Жетісуда үш ірі су қоймасы салынады
Келесі жаңалық
Екі облыста көлік қозғалысы шектелді
Өзгелердің жаңалығы