Жамбылдағы жарылыс. Зардап шеккендер саны 70-ке жуықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында әскери бөлімде болған өрт пен жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны 70-ке жуықтады, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Өңірдің төтенше жағдайлар, құқық қорғау және медицина саласының өкілдері барынша жұмылдырылды.
Аталмыш мәселеге байланысты қандай да бір туындаған сұрақтар үшін:
- 109 телефон нөмірі;
- 8-778- 810-91-09 ватсап желісі арнайы іске қосылды.
Сонымен қатар 8(7262) 54-41-67 телефон нөмірі арқылы жедел желіге хабарласуға болады.
Апат орын алған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, облыс орталығынан 400-ден астам орын дайындалған.
Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 32 дәрігер мен 56 медициналық қызметкер жұмылдырылды. Сағат 23.30-дегі жағдай бойынша Тараз қалалық №1 ауруханасына және Байзақ аудандық орталық ауруханасына 66 науқас жеткізілді. Олардың көпшілігі жеңіл жарақаттанған болса, 2-і ауыр жарақат алғандар, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар жұртшылықтан және БАҚ өкілдерінен тек қана ресми түрде жедел штаб тарапынан ұсынылатын ақпаратты назарға алуды сұраймыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбылдағы жарылыс. Әскери қойма әлі жанып жатыр
Өзгелердің жаңалығы