Жамбылдағы жарылыс туралы әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында болған жарылыс туралы жалған ақпарат таратқан 26 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Жамбыл облысындағы жарылыс туралы әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратқан азамат ұсталды. 27 тамызда интернет желісіне мониторинг жүргізу барысында Instagram желісінде белгісіз біреудің дауыстық сүйемелдеумен видео жариялағаны анықталды. Ер адамның айтуы бойынша Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнің аумағында болған жарылыстарды оның қуатына байланысты жою мүмкін емес, көптеген зардап шеккендер, оның ішінде дене мүшелері бөлшектеніп қалғандар да бар деген. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, - делінген хабарламада.

Министрлік мәлім еткендей, жедел-іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері облыстың 26 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады және күдікті өз кінәсін толық мойындаған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы «Қоғамдық тәртіпті бұзу, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану қаупін тудыратын жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Мұндай қылмысты жасағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - дейді министрлік.

ІІМ-нің ресми хабарламасында ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуіне байланысты қосымша ақпараттың жариялауға болмайтындығы айтылған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы