Жамбылдағы жарылыс. Тоқаев қылмыстық іс қозғалғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде орын алған жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Бұл туралы Президент өзінің твиттерінде жазды.

Жамбыл облысына қорғаныс, төтенше жағдайлар министрлері, ішкі істер министрінің орынбасары ұшып кетті. Жақын маңдағы ауыл тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Облыстық ТЖ Департаментінің 30-ға жуық қызметкері мен әскери қызметшілер жарақат алды - деп жазды Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы, өрт салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істейтінін айтты.

Қылмыстық іс қозғалды. ТЖМ, ІІМ, ТЖМ бөлімшелері жұмылдырылды. Теміржол қатынасы уақытша тоқтатылды - деді Тоқаев

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы