Жамбылдағы жарылыс: Тағы бір адамның денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында жарылыс орнынан тағы бір адамның денесі табылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қорғаныс министрлігінің саперлері оқиға орнынан тағы бір адамның денесін тапты. Оның жеке бас мәліметтері анықталып жатыр, - делінген хабарламада.

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он бес адамға жетті.

Қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар.

Жоғалған бір адам іздестірілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы