Жамбылдағы жарылыс: Саперлер барлау жұмыстарын жүргізуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрі өрттен зардап шеккен қойма аумағын қарап шықты.  


Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Оқиға орнында ол Төтенше жағдайлар министрімен және Жамбыл облысының әкімімен кеңес өткізді. Өрт салдарын жоюға қатысты бірлескен іс-қимылдар үйлестірілді. Негізгі күш-жігер халықтың қауіпсіздігін 100% қамтамасыз етуге бағытталған. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының инженерлік әскерлері оқ-дәрілер қоймасының аумағын тазартуға кірісті. Бөлімшелер қалыптық мина тартқышпен жабдықталған инженерлік және бронды транспортерлерді пайдалануда. Әскери саперлер теміржол учаскесі мен жақын маңдағы елді мекендерге инженерлік барлау және тазалау жұмыстарын жүргізді, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы