27 Тамыз 2021 2021, 15:21
Жамбылдағы жарылыс: Мемлекет басшысы ведомствоаралық комиссия құруды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізіп, ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құруды тапсырды, деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Оған Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр басшылық жасайды. Қаза болған азаматтардың отбасын әлеуметтік қорғау және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шаралар қабылданады, - делінген жазбада.